Құрметті Бейнеу және Қарақия аудандарының тұтынушылары!

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) 2026 жылдың қазан айының басынан бастап «Бейнеуэнергосервис» және «Тұрмыс-Сервис» МКК электр желілері «МӨЭК» АҚ сенімгерлік басқаруына берілгенін хабарлайды.

Өткізіліп жатқан шаралар аясында компания мамандары электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын (ЕАА) тексеруді, қосылу схемаларын тексеруді, көрсеткіштерді тіркеуді және бақылау пломбаларын орнатуды жүзеге асыруда.

Тұтынушылардан есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұраймыз.

2026 жылғы 30 қазанға дейін өз еркімен реттеу

Есепке алу аспаптарында ақаулары бар, қосылу схемалары бұзылған, пломбалары немесе қолданыстағы электрмен жабдықтау шарты жоқ тұтынушыларға осы мәселелерді реттеу үшін 2026 жылғы 30 қазанға дейін «МӨЭК» АҚ-на хабарласуды ұсынамыз.

Тексеру барысында мамандар бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған жағдайда тиісті актілер рәсімделіп, заңнамада көзделген шаралар қолданылатын болады.

Байланыс ақпараты

«МӨЭК» АҚ мамандары тұтынушыларға кеңес беруге және барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.

  • Бейнеу ауданы:

Мекенжайы:

Бейнеу ҚС

(8-72932)-68-3-95 Бейнеу ҚС

  • Қарақия ауданы:

Мекенжайы:

Ескі Жетібай, Жаңақұрылыс 524

  • Құрық ҚС

(8-72935)-50-650 Жетібай ҚС

(8-72934)-92-307 (Құланды-Бостан-Сенек)

(8-72937)-21-130 Құрық ҚС

  • Метрология қызметі:

8 (7292) 200-292

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Алаяқтардан сақтаныңыз!

Алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз:

1. Құжаттарды тексеріңіз: Бақылаушылар немесе шеберлер есепке алу аспаптарын тексеру және пломбалау үшін келген кезде «МӨЭК» АҚ қызметкерінің қызметтік куәлігін көрсетуді талап етіңіз.

2. Егер сізге белгісіз тұлғалар қоңырау шалса: Егер сізге электр желілік компанияның атынан қаражат аудару, СМС-кодтарды немесе жеке деректерді беру талабымен күмәнді қоңыраулар түссе, сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.

3. Ақпаратты тексеріңіз: Барлық күмәнді қоңыраулар бойынша және мамандардың жеке басын растау үшін тек төменде көрсетілген ресми телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.

Құрметпен,

«МӨЭК» АҚ