ҚҰРМЕТТІ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

???? Сіздерге ыңғайлы болу үшін, біз ұялы телефон нөмірлерін ұсынамыз,  сіздер осы телефондар арқылы электрмен жабдықтау, есептеу, ақы төлеу және басқа да қызметтерге қатысты сұрақтарыңызға жауап аласыздар. Біз тұрғындарға да, заңды тұлғаларға да қолайлы болуын қамтамасыз етеміз.

???? 8 705 748 08 09, 8 705 748 06 07.

Сіз түсініктеме алу үшін бұл нөмірлерге жұмыс уақытында қоңырау шала аласыз, сондай-ақ өзіңіздің сұрақтарыңызды көрсетілген нөмірлерге WhatsAp арқылы жолдай аласыздар.

Сонымен бірге тұтынушылар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа алады:

???? 8 (7292) 32-00-11, 32-00-14, 32-00-15.

Мамандар Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына (ТҚКО) келушілерге кеңес беріп жатқанда не болмаса басқа абонентпен сөйлесіп жатқан уақытта, қоңырауға жауап бере алмайтын кездері болады. Сіздерден шыдамдылық танытып, кейінірек қайтадан қоңырау шалуларыңызды өтінеміз.

Есіңізде болсын! «МӨЭК» АҚ мамандары сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және электрмен жабдықтауға байланысты кез-келген жағдайды шешу үшін көмектесуге әрқашанда дайын!

???? Ақтау қаласының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, дүйсенбіден жұмаға дейін, күн сайын сағат 08.30-дан бастап 17.30 аралығында Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы бұрынғы мекенжай бойынша жұмыс істейді.

???? Ақтау қ., 14 шағын аудан, 84 үй, «President» ТК.

⏳ Түскі үзіліс уақыты 12:30-дан бастап 13:30-ға дейін.

???? Естеріңізге сала кетейік, тұтынылған электр энергиясының ақысын төлеу үшін ТҚКО-да арнайы екі касса жұмыс жасайды.