
«МӨЭК» АҚ, «President» ТҮК (14 ш-а, 84 үй) 1-қабатында орналасқан Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында (ТҚКО) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, 27 СӘУІР (ДҮЙСЕНБІ) күні кеңселердің орналасуына уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлайды:
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (ТҚКО) және Кеңсе бөлімі уақытша «President» ТҮК 2-қабатта, №203 кабинетте орналасады.
Төлем қабылдау кассасы уақытша 10-шағынаудан, 1-үй (Ботаникалық бақ ауданы), Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына көшіріледі (ТҚКО).
Жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: 08:30-дан 17:30-ға дейін
түскі үзіліс: 12:30-дан 13:30-ға дейін