ҚҰРМЕТ ПЕН ЕСТЕЛІК: «МӨЭК» АҚ-ДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

15 ақпанда Қазақстан Республикасында интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға арналған. «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауған жауынгерлері ұрыс қимылдары ардагерлерінің жалпы санатына енгізілген.

2025 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толды. Ауғанстанда өзінің әскери борышын атқарғандардың арасында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) қызметкері – Шетпе АЭЖ бас инженері Орынғали Орынбасарұлы Сарқұлов та бар. Ол энергетика саласында 29 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және Ауған соғысының ардагері.

Орынғали Орынбасарұлы 1986 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылған. Новороссийскіде үш айлық дайындықтан кейін ол Кабулға жіберілді, әскери қызметі үнемі қауіп-қатер жағдайында өтті. Ауыр шайқастарға куә болып, жауынгер жолдастарынан айрылды. 1988 жылы шілдеде ол өз қызметін тәмамдап, отанына оралды.

Батырлығы мен ерлігі үшін Орынғали Сарқұлов «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жауынгерлік айбын», «Интернационалист-жауынгерге ризашылық білдірген ауған халқынан» медальдарымен, сондай-ақ Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға арналған мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Атаулы күнге орай «МӨЭК» АҚ басшысы Қасымхан Сыздықов «МӨЭК» АҚ жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Бауыржан Әлібековпен бірге, ерлігі мен қызметіне адалдығы үшін Орынғали Сарқұловқа алғыстарын білдірді. Іс-шара аясында ардагер кәсіпорынның басшылығы мен кәсіподақ комитетінен материалдық көмек алды.

  • Сіздің ерлігіңізтарихтамәңгіқалады.Сізбатылдықтың, айбын менантқаадалдықтыңүлгісінкөрсеттіңіз.Біздіңкомпанияныңішіндеосындайадам бар екенінмақтан тұтамыз,- деп атап өттіҚасымханСыздықов.

Өзкезегінде, Ауған соғысыныңардагерібасшылықпенкәсіподақкомитетінеқолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп, мұндайкездесулеринтернационалист-жауынгерлердің ерлігін естесақтаудамаңызды екендігін атап көрсетті.

- Біз үшін көңіл мен қамқорлықты сезіну өте маңызды. Біздің қосқан үлесімізді еске алып, бағалағаныңыз үшін рахмет! - деді Орынғали Сарқұлов.