«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

 

Маңғыстау облысында «МӨЭК» АҚ қызметкерлері экологиялық мәдениетті насихаттауға және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қосылды.

Акция аясында «МӨЭК» АҚ аумағында Маңғыстау климатына бейімделген 30-ға жуық ағаш отырғызылды.

Энергетиктер кәсіпорнының аумағына көгалдандыру бойынша өз үлестерін қосқанына қуаныштарын жасырмады. Ағаш отырғызу ежелден жаңа жетістіктердің, жақсы бастамалардың және жаңа өмірдің символы болып саналады.

Компания экологиялық акциялар қызметкерлерді біріктіруге, үлкен және тату ұжымның корпоративтік рухын нығайтуға, экология мәселелерге көңіл бөлуге және әрбір азаматтың табиғат үшін жеке жауапкершілігін еске салуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«МӨЭК» АҚ-ның негізгі басымдықтарының бірі қоршаған ортаға ұқыпты қарау болып табылады, сондықтан ұжым осындай экологиялық іс-шараларға ерекше назар аударады. Энергетиктер өз нысандарында экологиялық талаптарды сақтап қана қоймай, қаланы абаттандыруға белсенді қатысады.