
⚡ Егер Сіз жақында пәтер сатып алсаңыз, электр энергиясына төлемдер Сіздің атыңызға рәсімделуі үшін қайда жүгіну керек және бұл үшін қандай құжаттар қажет?
Егер сіз екінші нарықтағы көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алсаңыз - «Электрэнергиясын пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес, меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10(он) жұмыс күні ішінде өзіңізге дербес шотты қайта ресімдеуіңіз қажет. Сіз өзіңіздің объектіңіз қосылған желілердің энергия беруші ұйымына хабарласуыңыз керек.
Білу қажет: объект иесін ауыстырған кезде жаңа меншік иесі меншік құқығын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.
Тұрмыстық тұтынушылар үшін қажетті құжаттар тізімі:
⚡Анықтама үшін:
Электр энергетика саласында тұтынушыларды тұрмыстық және тұрмыстық емес деп бөледі:
Тұрмыстық тұтынушылар - бұл электр энергиясын жеке қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұрғындар (жеке тұлғалар). Яғни электр энергиясын үйін жарықтандыруға, тұрмыстық техниканы қосуға, кондиционер қосуға және т.б қолданады.
Тұрмыстық емес тұтынушылар - бұл электр энергиясын шаруашылық, коммерциялық немесе өндірістік қызметті жүргізу үшін пайдаланатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және ұйымдар (мысалы, дүкендер, кеңселер, зауыттар, мектептер, ауруханалар).