«СҰРАҚ-ЖАУАП» АЙДАРЫ!

Үйге ортақ мұқтаждықтарға жұмсалатын электр энергиясы дегеніміз не (ҮОМ)?
Бұл мыналарға қажет электр энергиясы:
- баспалдақ алаңдарын, нөмірлік белгілерді, кіреберістерді жарықтандыру үшін;
- жұмыс жүргізілген кезде, жертөлелер мен шатырларды жарықтандыру үшін;
- суық және ыстық сумен жабдықтайтын инженерлік жүйелердің, жылыту жүйелерінің және т.б. жабдықтарының жұмысы үшін;
- үй ішілік желілердегі технологиялық шығындар үшін қажет.
Әлеуметтік желідегі біздің парақшаларды қарап #СұрақЖауапМӨЭКТҚКО #ВопросОтветМРЭКЦОП хэштегін белгілеп сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Біз көмектесуге дайынбыз!