«МӨЭК» АҚ ТОЛЫҚ ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫҢ 73%-ЫН ОРЫНДАДЫ

«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ жоспарлы жөндеу науқанын жүйелі түрде жалғастыруда. Бүгінде кәсіпорын мамандары 6–10 кВ кернеулі 77 толық трансформаторлық қосалқы станцияның 56-ын жөндеп, жылдық жоспардың 73%-ын орындады.

Сонымен қатар, жөндеу науқаны басталғалы бері мамандар 220 кВ кернеулі әуе электр беру желілерінің 46,6 шақырымын жөндеп, биылғы жылға жоспарланған жұмыс көлемінің 70%-ын орындады.

Жалпы алғанда, төрт айдың ішінде кәсіпорын энергетиктері жоспарланған 536,5 шақырымның 200 шақырымнан астам әуе электр беру желісіне (220, 110, 35, 6(10), 0,4 кВ) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, ақауы анықталған тіректерді, тозығы жеткен сымдарды ауыстыру және 110 кВ кернеулі электр беру желілеріндегі металл тіректердің іргетас элементтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін «МӨЭК» АҚ қосалқы станцияларды жөндеу жөніндегі жылдық жоспарды толық орындап, күштік трансформаторларды жөндеу жұмыстарын аяқтаған болатын.

Жөндеу науқаны аясында атқарылып жатқан барлық жұмыстар Маңғыстау облысы тұрғындарын сенімді электрмен жабдықтауға және алдағы күзгі-қысқы кезеңде электр желілері кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.