«МӨЭК» АҚ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

30 маусым күні Ақтауда Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде бітіруші студенттерге диплом табыстау шарасы өтті. Салтанатты шараға «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Елімай Қозыбағарқызы қатысты.

Биыл аталған колледж түрлі техникалық бағыттағы 500-ге жуық жас маманды оқытып шығарды, олардың арасында болашақ энергетиктер де бар. Олардың көпшілігі «МӨЭК» АҚ қызметімен таныс. Оқу барысында олар кәсіпорын базасында өндірістік практикадан өтіп, мекеме ішіне экскурсиялар жасады, яғни олар компанияның жұмысын ішінен көріп қана қоймай, сонымен қатар электр энергетикасында қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтармен танысты.

2024 жылы қараша айында «МӨЭК» АҚ мен Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандумның мақсаты - жас мамандарды білікті мамандарды шыңдау, өнеркәсіпте тәжірбие алмасу және колледж педагогтарын өнеркәсіпте тағылымдамадан өткізу. 2024–2025 оқу жылдарында Маңғыстау энергетикалық колледжінің 100-ден аса студенті өнеркәсіптік және кәсіби тәжірибеден өткен, ал колледждың 13 педагогы кәсіпорын базасында 72 сағаттық тағылымдамадан өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Елімай Қозыбағарқызы түлектерге өздеріне деген сенімділік пен кәсіби өсу тілей отырып, диплом табыстады.

«Сіздер жауапты өте маңызды мамандықты таңдадыңыздар. Электр энергетикасы - бұл жай ғана жұмыс емес, бұл елдің тұрақты дамуының негізі. Бүгінгі таңда көптеген салаға бастамашыл, технологияны жақсы білетін және еңбекқор кадрлар қажет. Сізге шын жүректен табыс, мықты денсаулық және мамандыққа деген сенімділік тілеймін. «МӨЭК» АҚ талантты жас мамандар үшін әрқашан ашық», - деді «МӨЭК» АҚ корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Елімай Қозыбағарқызы.

Ол сондай-ақ колледж оқытушыларына студенттерді даярлағандарына үшін алғысын білдірді және дуальды оқыту мен кадрларды даярлау шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.