«МӨЭК» АҚ НҰРЛЫХАН БЕКБОСЫНОВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2024 жылғы 22 қарашада Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсету нарығында жетекші орын алатын "Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы" АҚ мен Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Сонымен қатар колледж студенттері үшін кәсіптік практика өткізуді қарастыратын шарт жасалды.

Стратегиялық құжатқа «МӨЭК» АҚ Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов пен колледж жетекшісі Айнағұл Жұмағали қол қойды.

 

«МӨЭК» АҚ мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық энергетика саласы үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Келісімнің негізгі міндеттері:

  • білім беру жүйесі мен энергетика саласы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  • энергия секторы үшін білікті мамандарды даярлау;
  • бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларын іске асыру.

Колледж студенттерді қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары бойынша оқытады, оның ішінде:

  • 07130100 - Электр жабдықтары

Біліктіліктер: электрмонтері, электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрслесарі.

  • 07140100 - Автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару

Біліктіліктер: бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь.

  • 07130200 - Электрмен жабдықтау

Біліктілігі: электрмонтаждаушы, Техник-электрик.

  • 07130500 - Жаңартылатын энергетика

Біліктілігі: жаңартылатын энергетика жабдығының операторы.

Жасалған шарт шеңберінде колледж студенттері «МӨЭК» АҚ нысандарында кәсіптік практикадан өтіп, қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтарды оқып, сондай-ақ нақты жағдайларда жұмыс тәжірибесін ала алады.

- Колледжмен ынтымақтастық заманауи энергетика талаптарына сай келетін жас мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Біз болашақ әріптестерімізге олардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін алаң ұсынуға қуаныштымыз, - деп атап өтті Қасымхан Сыздықов.

Меморандумға қол қою - бұл энергия саласы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар өңірдің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам. «МӨЭК» АҚ мен Маңғыстау энергетика колледжі ынтымақтастық жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыруға ынталандыру болатынына сенім білдірді.

- «МӨЭК» АҚ сияқты ірі кәсіпорынмен серіктестік біздің студенттеріміздің алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл олардың кәсіби болашағын қамтамасыз етудегі маңызды қадам, - деп атап өтті Айнағұл Жұмағали.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар өңірлік диспетчерлік орталыққа және «МӨЭК» АҚ корпоративтік оқыту орталығына барды.