«МӨЭК» АҚ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ

17 қазанда «МӨЭК» АҚ-да компанияның 60 жылдығына арналған қызметкерлер арасындағы шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа 10 команда қатысты: Ақтау ЭЖА, Бейнеу ЭЖА, Бузашы ЭЖА, Шетпе ЭЖА, Жетібай ЭЖА, Өзен ЭЖА, Түпқараған ЭЖА, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналы (ӘБП), өндірістік қызметтер және өткізу басқармасының өкілдері.

Турнирдің ашылуында «МӨЭК» АҚ Даму және қамтамасыз ету жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Иманов пен «МӨЭК» АҚ Жергілікті кәсіподағы» КБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Бауыржан Әлібеков сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Командалар шеберліктері мен ептіліктерін ортаға салып, допты шебер меңгеру дағдыларын көрсетті. Ал қызметкерлер ұжымдық ауызбіршілік пен жеңіске деген ұмтылысын байқатты. Тартысты ойынның дәлелі ретінде соғылған әдемі голдар мен әрбір енгізілген доптан кейінгі шынайы қуанышты айтуға болады. Жарысқа төрелік ету үшін Маңғыстау облыстық футбол федерациясынан екі кәсіби төреші шақырылды.

Турнирдің финалы өте тартысты әрі әсерлі өтті. Қос тараптың да өжет ұмтылысымен өткен кездесу Өзен ЭТБ командасының жеңісімен аяқталды. «Күміс» жүлдені Ақтау ЭТБ командасы еншіледі. Үздік үштікті өндірістік қызметтер командасы түйіндеді. Әкімшілік-басқару персоналының командасы үздік төрттікке енді.

Турнир қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:
• Үздік қақпашы – Манас Қойбағаров, Ақтау ЭЖА электр слесары;

• Үздік қорғаушы – Нұржан Жанаев, Өзен ЭЖА электр слесары;

• Үздік шабуылшы – Айдос Пиримбетов, Жоғары вольтты тораптар қызметінің электр монтері.