2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Корпоративтік оқыту орталығы (ККО) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтарының тізіліміне ресми түрде енгізілді. Бұл іс-шара компания қызметкерлерін, сондай-ақ энергетика саласындағы дағдыларды меңгеруге ұмтылатын барлық ниет білдірушілерді кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Оқу орталығы энергетика саласындағы инновациялар мен нарықтың заманауи талаптарын ескере отырып әзірленген оқыту бағдарламаларын ұсынады. «Атамекен» тізіліміне енгізу мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін және палата белгілеген стандарттарға сәйкестігін куәландырады.
2017 жылдан бастап «Атамекен» 584 білім беру ұйымына кіретін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптері бойынша кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілікті беру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін жүргізеді. «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Оқу орталықтарының тізіліміне кіру кәсіпорындардың жанындағы оқу орталықтарына өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген форматта қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, биыл оқу орталықтарында тек облыс орталығының ғана емес, ауыл тұрғындарының да жұмыссыз санаты кәсіп меңгереді.
«МӨЭК» АҚ КҚО кәсіптік оқытудың жұмыс оқу бағдарламасы өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен келісілді. Материалдық-техникалық база комиссия мүшелері - Палата мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері тарапынан наразылық тудырмады.
Корпоративтік оқыту орталығы «МӨЭК» кәсіпорнының аумағында орналасқан. Теориялық сабақтар үшін оқу сыныбы, емтихан сыныбы, әдеби бұрыш, электрондық кітапхана қарастырылған, сондай-ақ КҚО-да кофе-брейктерге арналған бөлме бар.
Енді орталықтың барлық курстары мен бағдарламалары «Атамекен» платформасы арқылы тіркелуге қол жетімді, бұл аудиторияны кеңейтуге және осы салада өз біліктілігін арттырғысы келетін қатысушыларды көбірек тартуға мүмкіндік береді.
«МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы бұл оқиғаның кадрлық әлеуетті дамыту және компания көрсететін қызметтер сапасын одан әрі жақсарту үшін маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, биыл «МӨЭК» АҚ-да Корпоративтік оқыту орталығы өз жұмысын бастады. Орталық қызметкерлердің энергетика саласындағы табысты жұмысы үшін қажетті заманауи білім мен құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың біліктілігін арттыруға және кәсіби дағдыларын дамытуға маманданған. Орталық персонал еңбегінің тиімділігін арттыруға және кәсібиліктің жоғары деңгейін қолдауға ықпал етеді.
2024 жылғы 6 наурызда «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестат алды. Құжатты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті берді. Осы Аттестат өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мамандарды, қызметкерлердi даярлауды, қайта даярлауды жүргiзуге толық құқық бередi.
Жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «МӨЭК» АҚ энергетиктері ай сайын Корпоративтік оқыту орталығында оқытылады. Бұл курстар өз міндеттерін қауіпсіз орындауға қажетті білім мен дағдылардың деңгейін арттыруға бағытталған.
Ай сайынғы оқыту курстары тақырыптардың кең ауқымын қамтиды, соның ішінде: