«МӨЭК» АҚ КОО БАСШЫСЫ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

11–13 ақпан аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Еуропалық білім беру қоры (ETF) серіктестігі аясында «DARYA» жобасы бойынша кәсіби шеберлік орталықтарын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі стратегиялық семинар өтуде. Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды диалог алаңы.

Семинарға Қазақстанның 28 жетекші колледжінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, салалық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылардың қатарында «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елимай Қозибағарқызы да болды, ол компанияның кәсіби оқыту және кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы тәжірибесін ұсынды.

Үш күндік іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кәсіби шеберлік орталықтарын нығайтуға, сондай-ақ isatcove халықаралық өзін-өзі бағалау құралын енгізуге бағытталған.

ISATCOVE құралы колледждерге өз қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге, стратегиялық даму жоспарларын жүйелі түрде қалыптастыруға және 50 елден 300-ден астам орталықты біріктіретін ENE (Network for Excellence) жаһандық желісіне қосылуға мүмкіндік береді.

Семинар барысында қатысушылар көлік және логистика, «жасыл» экономика, цифрландыру және ақпараттық технологияларды қоса алғанда, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Global Gateway бастамасының басым бағыттарын талқылады.

«Семинар Қазақстан колледждерін кәсіби шеберліктің озық орталықтарына айналдыруға және ел экономикасы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады. Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестіктің тұрақты моделін құруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болашақ мамандардың тәжірибеге бағдарланған құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Елімай Қозибағарқызы.

Қатысушылар ISATCOVE құралын қолдана отырып, өз компанияларының стратегиялық даму жоспарларын жетілдіре отырып, халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасты.

Семинар қорытындысы бойынша КОО басшысы Елімай Қозибағарқызына сертификат табысталды.