
«МӨЭК» АҚ Түпқараған аудандық өткізу бөлімінде 15 маман жұмыс жасайды. Контролерлар үйлерді аралап түбіртіктерді апарса, кеңседе мамандар тұтынушыларға есептеу, анықтама, акт сверка беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, заңды тұлғаларды және жеке тұрғын үй кешенімен келісім шартқа отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Гүлфарида Сатбердиева Түпқараған аудандық өткізу бөлімінде инспектор(контролер). Ол ай сайын мыңға жуық үйге өзі түбіртек апарып, тұрғындар сұрағына жауап береді.
«Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету оңай жұмыс емес. Бұл үлкен жауапкершілікті, сабырды талап етеді. Ақшұқыр ауылындағы төрт көшеге түбіртек таратамын. Онда 890 абонент бар. Түбіртіктерді айдың 10-18 аралығында таратамыз», - деді Гүлфарида Сатбердиева.
Түпқараған аудандық өткізу бөлімі 12 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Яғни ауданға қарасты жеті елдімекеннің, яғни Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары, Форт-Шевченко қаласы, Аташ, Баутин, Таушық, Қызылөзен ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Тұтынушылар төмендегі мекенжай мен телефондар бойынша төлем, түзету, қайта есептеу, есептегіштер, түбіртектер және берешек мәселелері бойынша Түпқараған аудандық өткізу бөліміне жүгіне алады:
Түпқараған аудандық өткізу бөлімі:
Мекен-жайы: Ақшұқыр ауылы, Сахиев көшесі, «Сандуғаш» оқу орталығы.
Телефондар: +7 777 778 25 25, +7 702 287 76 44, +7 705 748 14 94.
Мекен-жайы: Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев көшесі 26А, «Барыс Gold» БО, 2 қабат, 7 кеңсе.
Телефондар: +7 777 779 29 59, +7 701 593 02 57, +7 705 748 14 94.