«МӨЭК» АҚ КОМАНДАСЫ ФУТЗАЛДАН ТУРНИРДЕ ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ қызметкерлері кезекті рет жұмыста жоғары кәсібилік көрсетіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанатындығын да көрсетті. Компанияның энергетиктері өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, командалық рух пен жеңіске деген ерік-жігерді көрсетіп, спорттық өмірге белсене қатысады.

Өткен демалыс күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен энергетикалық ұйымдардың қызметкерлері арасында футзалдан турнир өтті. Жарысқа өңірдің энергетикалық секторының түрлі ұйымдарының атынан жеті команда қатысты.

«МӨЭК» АҚ футбол командасы лайықты өнер көрсетіп, тек финалдық матчта біріншіліктен кейін екінші орынды иеленді. Турнирге қатысушылар командалар дайындығының жоғары деңгейін және жарыстардың достық ахуалын атап өтті.

Іс-шараның басты мақсаты командалық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту, сондай-ақ сала қызметкерлері арасында бұқаралық спортты танымал ету болды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлерге дене шынықтыруға, әріптестер арасындағы байланысты жақсартуға және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

«МӨЭК»АҚөзқызметкерлеріарасындасалауаттыда белсендіөмір салтын қалыптастырусаясатынұстанудыжалғастырып, түрлідеңгейдегі спорттық іс-шараларменжарыстарғақатысуғаынталандырып отырады.

Команданы тамаша нәтижесімен құттықтаймыз, спорт алаңында да, кәсіби қызметте де жаңа жеңістер тілейміз!