«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері жұмыста ғана емес, спорттық аренада да мықты команда екенін тағы да дәлелдеуде. Олар спортпен белсенді түрде айналыса отырып, 2025 жылғы 11 қаңтарда басталған әуесқой командалар арасындағы футзалдан Маңғыстау облысының мерейтойлық 60-шы чемпионатына қатысады. Турнир ұйымдастырушылары – Маңғыстау облысының футбол федерациясы және «Mangystau Futbol Ligasy» қоғамдық бірлестігі.
Жарысқа өңірдегі ірі кәсіпорындардың атынан 76 команда қатысады. «МӨЭК» АҚ командасы бұл турнирге екінші жыл қатысуда. Өткен жылы олар дебютант ретінде ойнаған болатын, ал бұл маусымда екінші лигаға сенімді түрде өтіп, елеулі нәтижеге қол жеткізді.
Айта кету керек, Маңғыстау Қазақстандағы футзалдың астанасы болып саналады. Жыл сайын бұл өңір жүздеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинайтын, футзалдан әуесқой командалар арасындағы чемпионат алаңына айналуда.
Осы жылы компанияның спорттық абыройын қорғайтындар:
Аталған турнирге қатысу біз үшін, бұл – салауатты өмір салтын насихаттау тәсілі ғана емес, сонымен бірге біздің ұйымшылдығымыз бен командалық рухымыздың күшін көрсету мүмкіндігі. Команда атынан «МӨЭК» АҚ компаниясының басшылығына қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз, – деп атап көрсетті команда өкілі, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) бөлімінің маманы Сагдат Болтеков.
Ойындарәрдемалыскүндері32шағын аудандағы Ш.Есеноватындағыуниверситеттіңспорткешенінде өтеді.Чемпионаттыңаяқталуынаурызайыныңбасынажоспарланған.Қаланыңбарлықтұрғындарыносында келіп, «МӨЭК» АҚкомандасынқолдауға шақырамыз!Сіздің қошаметіңіз бенқолдауыңызбіздіңқызметкерлердітек қана алға ұмтылуғашабыттандырады!
Спорт та энергетика сияқты, қатысушылардан дәлдікті, үйлесімділікті және командалық рухты талап етеді, ал «МӨЭК» АҚ командасы өздерінің осындай қасиеттеріне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдей түсуде.