«МӨЭК» АҚ КОМАНДАСЫ «БІРЛІК ЭНЕРГИЯСЫ» ҚКЖ СПАРТАКИАДАСЫНДА ФУТБОЛДАН БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

12–13 маусымда Қарағандыда ҚКЖ еншілес ұйымдары арасында «Бірлік Энергиясы» спартакиадасы өтті.

Екі күнге созылған спорттық жарыстар командалық рух пен достықтың нағыз символына айналды. Әрбір қызметкер өзінің тек кәсіби маман ғана емес, жан-жақты дамыған тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спартакиада кезінде спорт алаңдарында табандылық, әділдік пен бірлік рухы үстемдік құрды.

Жеңіс — рух мықтылығы мен ұйымшылдықтың нәтижесі!

Жарыс қорытындысы бойынша спорттың әр түрінен үздік командалар анықталды.

«МӨЭК» АҚ командасы футболдан бірінші орын алды. Табандылық, командалық рух пен жоғары дайындық керемет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша мынадай үздік ойыншылар анықталды:

  • Үздік бомбардир — Медет Темірланов, «МӨЭК» АҚ. Керемет ойыны мен жеңіске деген ұмтылысы оны команданың жұлдызы етті.
  • Үздік қақпашы — Нұржан Халдавлетов, «МӨЭК» АҚ. Сенімділік пен жоғары деңгейдегі реакция – команда жетістігінің кілті болды.

Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын – «Өскемен ЖЭО» ЖШС;

II орын – «Онтүстік Жарық Транзит» ЖШС;

III орын – «Қарағанды Жарық» ЖШС.

Барлық жеңімпаздарды мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Спартакиада — күш-қайраттың, ерік-жігер мен бірліктің нағыз мерекесі болды!