
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» акицонерлік қоғамы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ал бұл энергетика саласындағы- ең маңызды кезеңдердің бірі. Себебі ол тұтынушыларды қыс мезгілінде электр энергиясымен сенімді, әрі үздіксіз қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.
Қазіргі уақытта Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясының мамандары қосалқы станциялар мен электр желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қажетті сынақтар мен өлшеулер жасап, релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін тексеруде.
Бауыржан ӘБДРЕЕВ
«МӨЭК» АҚ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың біраз бөлігі орындалды. Энергетиктер екі айда 75 шақырым электр желісін жаңартып, жөндеп шықты. Ал жылдық жоспар көлем 536,5 шақырымды құрайды. Жасалған жұмыстар қатарында Маңғыстау ауданындағы 35 кВ «Куйбышево» қосалқы станциясында бар. Жалпы жөндеу барысында компания энергетиктері жоспарланған 77 нысанның 15-іне жөндеу жүргізді.
Бауыржан Әбдреевтің айтуынша, жөндеу баырсында жоғары вольтты электр желілерін жаңартуға ерекше көңіл отыр.. Атап айтқанда, жеті мыңнан астам оқшаулағышты ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар ақаулы бағаналар мен тозығы жеткен сымдар да ауыстырылып жатыр. Бұның бәрі шамадан тыс жүктеме түскен кезде
электр жарығы өшіп қалмауы үшін жасалуда -дейді.
Бауыржан ӘБДРЕЕВ
«МӨЭК» АҚ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Біз үшін бастысы -тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтау . Сондықтан жаңа маусымға дайындық жұмыстары қазірдің өзінде қарқынды жүргізілуде. Жөндеу бағдарламасы тұрақты бақылауда. Алда атқарылар жұмыс көп, оның нәтижесі өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Айта кетейік, Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы жыл сайын жөндеу жұмыстарын 1 сәуірде бастайды. Алайда биыл әдеттегіден ертерек бастаған. Және бұл жұмыстар 6 айға созылады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен күзгі-қысқы кезеңге дайындығы жөнінде паспортын алады. Бұны бәрі алдағы қыс мезгілінде өңірді сапалы, әрі үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жұмыстар.





