«МӨЭК» АҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ Маңғыстау облысының электр желілерін жаңартуды жалғастыруда.
Жыл сайын «МӨЭК» АҚ жаңа энергетикалық нысандар салып, қосалқы станциялар мен электр жеткізу желілерін жаңғыртады. Бұл жұмыстар 2024–2029 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатыр. Бағдарламаның басты мақсаты — электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр желілерінің өткізу қабілетін кеңейту, электр энергиясының шығынын азайту және өңірді әрі қарай дамыту үшін қуат қорын қамтамасыз ету.
2024–2026 жылдары компания қосалқы станциялар мен электр желілік жабдықтарды жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат бағыттады. Осының арқасында энергиямен жабдықтаудың сенімділігі артып, берілетін электр энергиясының сапасы жақсаруда, сондай-ақ жаңа тұрғын үй микроаудандарын, кәсіпорындарды және басқа да нысандарды желіге қосуға жағдай жасалуда.
2025 жылы келесі жобалар жүзеге асырылды:
- Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылы маңында кернеуі 35/10 кВ жаңа қосалқы станциясын және «Дунга» 110/35/6 кВ қосалқы станциясынан кернеуі 35 кВ әуе электр жеткізу желісін салу;
- «ПТФ» 35/6 кВ қосалқы станциясында 35 кВ ашық тарату құрылғысының (АТҚ) және 6 кВ жабық тарату құрылғысының (ЖТҚ) жабдықтарын жаңғырту;
- «Теньга» 110/6 кВ қосалқы станциясында ЖТҚ-6 кВ жабдықтарын жаңғырту және күштік трансформаторларды ауыстыру.
2026 жылы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда, олардың қатарында:
- Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылы маңында жаңа төмендеткіш қосалқы станция салу;
- «ГПП-Н-2» қосалқы станциясында АТҚ-110 кВ жабдықтарын жаңғырту;
- Жоғары кернеулі жабдықтарды, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын толық ауыстыра отырып, сондай-ақ заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарын енгізу арқылы «РМЗ» 110/10 кВ қосалқы станциясын кешенді қайта жаңарту;
- Қаражанбас кен орнында орналасқан «ҰРПС Қаражанбас» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясында заманауи цифрлық жүйелерге көше отырып, релелік қорғаныс мен автоматика құрылғыларын жаңғырту және SCADA жүйесін енгізу.
Жобалардың бір бөлігі 2027 жылы аяқталады. Кезең-кезеңмен өтетін нысандардың қатарында:
- Құрық ауылында «Саржа» жаңа қосалқы станциясын салу;
- «Қияқты» қосалқы станциясына дейін ұзындығы 60 шақырым болатын кернеуі 35 кВ әуе электр жеткізу желісін салу.
2027–2029 жылдар аралығында «МӨЭК» АҚ келесі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр:
- «Бейнеу-1,2» және «Л-Ш-1,2» 110 кВ жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін қайта жаңарту;
- «Өзен» 220/110/10 кВ қосалқы станциясында ажыратқыштар мен ток трансформаторларын ауыстыру;
- «ГПП-3Г» 110/10 кВ қосалқы станциясында қуаты 2×40 МВА күштік трансформаторларды ауыстыру;
- Жетібай кентіндегі РП-25 (6 кВ) тарату пунктін қайта жаңарту (тарату құрылғысының ұяшықтарын ауыстыру және ғимаратты жөндеу);
- Жетібайдағы «Карьерная» 35/6 кВ қосалқы станциясында ЖТҚ-6 кВ жабдықтарын жаңғырту;
- «Фетисово» 110/6 кВ қосалқы станциясында АТҚ-110 кВ және ЖТҚ-6 кВ жабдықтарын жаңғырту.
«Бұл жобаларды іске асыру Маңғыстау облысының тұрғындары мен кәсіпорындарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, электр желілерінің өткізу қабілетін кеңейтуге, технологиялық шығындарды азайтуға және өңірді одан әрі дамыту үшін қуат резервін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заманауи цифрлық технологияларды енгізу мен жабдықтарды жаңарту энергия жүйесін басқаруды тиімдірек әрі жедел етеді», — деп атап өтті «МӨЭК» АҚ Даму басқармасының басшысы Азамат Шаңгреев.







