«МӨЭК» АҚ ИНСПЕКТОРЛАРЫ: БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері өңір тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. «МӨЭК» АҚ жұмысында инспекторлар(контролер) маңызды рөл атқарады, өйткені олар кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі тұтынушыларға төлем туралы уақытылы хабардар етіп отырады.

Компанияның инспекторлары ай сайын әр үйге тұтынылған электр қуаты үшін түбіртектерді жеткізеді. Мәселен, 32Б және 32В шағынаудандарына жауапты инспектор Ажар Тумышева ай сайын 3-4 мың пәтерге түбіртек тапсырып, тұрғындарды есептеу туралы нақты және уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

-Халықпен жұмыс жасау оңай жұмыс емес. Қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында шағынаудандарды аралап жүреміз. Әр тұрғынға төлем құжаттарын жеткіземіз, - деді «МӨЭК» АҚ инспекторы Ажар Тұмышева.

Ажар Тумышева осы салада 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Төрт баланың анасы жұмыс кезінде әртүрлі адамдармен кездесуге тура келетінін айтады. Кейде кейбір тұрғындар дауыстарын көтеріп, дөрекі сөйлесе, ал кейбірі, керісінше, шотты төлеуге көмектесуді сұрайды екен.

-Қандай жағдай болмасын тұрғындарға сыпайы сөйлеп, қалай төлем жасау керектігін айтамыз. Ал пособия, пенсияға қарап отырғандарға біз әр айдың төртінде барып төлем төлеу керектігін ескертеміз, - деді Ажар Тұмышева.

Ажар Тумышеваның еңбегін оның учаскесіндегі тұрғындары ерекше бағалайды.

-Инспекторлар(контролер)  өз жұмыстарын өте адал орындайды. Мен бесінші қабатта тұрамын. Олар үйіме дейін көтеріліп түбіртекті алып келеді. Осы мамандардың еңбектері адал, тұрғындарға уақытында түбіртек әкеліп жүреді, - деді 32В шағынаудан тұрғыны Дина Жаманова.