«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮЗДІК ҮШТІГІНЕ ЕНДІ

1 қараша күні «BS Arena» спорт кешенінің ашық алаңында ұжымдар арасында шағын футболдан облыс чемпионатының финалдық матчы өтті.

«МӨЭК» АҚ командасы Жетібайдан келген «Qaraqiya Zhetibai» командасымен шешуші ойында кездесті. Тартысты ойында энергетиктер жеңіліп қалды, алайда үздік үштікке еніп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Облыс чемпионаты 2025 жылдың 11 қазанында басталды. Чемпионатқа аймақтың ірі кәсіпорындарының арасынан 25 команда қатысты. Ойыншылар тек шеберлікті ғана емес, жоғары командалық рухты көрсетті.

«МӨЭК» АҚ құрамасы екінші лигада өнер көрсетті. Қарсыластарының жоғары деңгейіне қарамастан, команда бүкіл турнир жолынан сенімді түрде өтіп, финалға тең шешуші ойынға шықты. Жарыс қорытындысы бойынша команда 13 ұпай жинап, екінші орын иеленді.

Чемпионат аясында «МӨЭК» АҚ командасы жеті матч өткізіп, төрт рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, екі рет жеңілді.

«Біз лига чемпиондарының үштігіне кірдік, бұл біз үшін үлкен жетістік. Әр матч нағыз сынақ болды. Қарсыластар мықты болды, бірақ біздің жігіттер ерік-жігерін, шыдамдылығын және нағыз командалық рухын көрсетті. Ешкім еңсесін түсірмеді, әрқайсысы соңғы секундқа дейін ойнап, жақсы нәтиже үшін күресті. Бұл турнир «МӨЭК» күшінің бірлікте және өзара қолдауында екенін дәлелдеді», - деп атап өтті команда өкілі, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) бөлімінің маманы Сағдат Болтеков.

Чемпионатта «МӨЭК» АҚ командасы атынан шыққан қызметкерлер:

• Аян Ойлашев

• Болтеков Сағдат

• Құлмақ Нұрсұлтан

• Салахатов Бауыржан

• Төлепов Қайрат

• Серіков Қанат

• Каунов Берекет

• Бектұров Қуаныш

• Оңайбаев Нұрлыбек

• Ойлашев Жансерік

• Әбенов Қанат

• Қалабаев Рауан

• Шадкам Арман

• Жананадай Саед

• Чалак Маан

• Қосутов Нұрбек

• Халдавлетов Нұржан

• Темірлан Медет

Компания басшылығы команда қатысушыларына лайықты өнер көрсеткені және жоғары спорттық рухы үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Мұндай жетістіктер, компанияда атап өткендей, корпоративтік құндылықтарды нығайтуға, ұжымды біріктіруге және командалық бірлікті дамытуға ықпал етеді.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ресми марапаттау рәсімі 16 қараша күні өтеді.