
Бастысы – жеңіс емес, қатысу. «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) энергетиктері әуесқой командалар арасындағы футзалдан Маңғыстау облысының мерейтойлық 60-шы чемпионатына қатысып, лайықты 9-шы орынға ие болды.
Жарысқа өңірдегі ірі кәсіпорындардың атынан 76 команда қатысты, әр ойын тартысты да қарқынды болды. «МӨЭК» АҚ командасы бұл турнирге екінші жыл қатысуда. Өткен жылы олар дебютант ретінде қатысқан болса, бұл маусымда екінші лигада сенімді түрде ойнады. Күшті бәсекелестікке қарамастан, «МӨЭК» АҚ ұжымы жұмыла ойнап, тактикалық тәсілдері мен жоғары спорттық дайындығы арқасында лайықты ойын өрнегін көрсетті.
Чемпионат аясында «МӨЭК» АҚ командасы 15 матч өткізіп, оның 5-еуінде жеңіске жетті, 3 рет тең түсіп, 7 рет жеңіліске ұшырады.
Жарыс қорытындысы бойынша команда 18 ұпай жинап, бұл командаға турнир кестесінде үздік ондыққа кіруге мүмкіндік берді. Осы нәтиже ұжымның жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ұмтылысын айқындайтын маңызды жетістік болды.
Турнирдегі жарқын ойыншыларының бірі Өзен АЭЖ жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары Қайрат Тулепов болды. Ол барлық матчтарда тұрақты нәтиже көрсетіп, сенімді әрі кәсіби ойыны үшін 12-турдың үздік ойыншысы атанды.
Осы жылы компанияның спорттық абыройын қорғағандар:
- Бұл турнир біз үшін мықты сынақ болды. Баға жетпес тәжірибе жинадық, күшті қарсыластармен ойнап, өз күшімізді де сынап көрдік. Әрине, барлық матчтар біз қалағандай болған жоқ, дейтұрғанмен ең бастысы, біз соңына дейін айқастық. Келесі маусымда біз міндетті түрде күштірек болып ораламыз, - деп команданың ойыншысы Медет Темірлан өз әсерімен бөлісті.
Чемпионатты ұйымдастырушылар Маңғыстау облысының футбол федерациясы және «Mangystau Futbol Ligasy» қоғамдық бірлестігі екендігін еске сала кетейік. Турнир спортшыларды, жанкүйерлер мен футбол кәсіпқойларын біріктірген, аймақтағы барлық футзал әуесқойлары үшін маңызды оқиға болды.









