
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері (МӨЭК) бір айдан астам уақыт бойы, әр демалыс сайын өздерінің жұмыста ғана емес, спортта да біртұтас команда екенін дәлелдеуде. Олар 11 қаңтардан бері әуесқой командалар арасындағы футзалдан Маңғыстау облысының мерейтойлық 60-шы чемпионатына қатысып келеді.
Қазіргі уақытта «МӨЭК» АҚ командасы 12 матч өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті, 3 рет тең түсіп, 5 рет жеңіліске ұшырады.15 ұпай жинап, команда турнир кестесінде 9-шы орында тұр, бірақ алда жағдайды өзгертуі мүмкін 3 ойын бар.
Команда капитаны жоғары ойын деңгейін тұрақты түрде көрсетіп келе жатқан Өзен АЭЖ жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары Қайрат Тулеповтің елеулі үлесін атап өтті.
Бәрі біртұтас команда ретінде бірдей жеңіске жетеді не бірдей ұтылады, - деп атап көрсетті команда өкілі, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) бөлімінің маманы Сағдат Болтеков.
Ол команда болып ойнағанда әр қатысушының орны маңызды екендігін, ойын нәтижесіне қарамастан барлық ойыншылар бір-бірін қолдайтынын атап өтті.
Сағдат бірлік рухы олардың қиын сәттерді жеңуіне және жеңілістерге қарамастан алға ұмтылуларына көмектесетінін айтты. Оның пікірінше, бұндай қасиет сәтті өнер көрсету мен алдағы жеңістердің де кепілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, «МӨЭК» АҚ құрамы:
Ойындар әр демалыс күндері 32 шағын ауданда орналасқан Ш.Есенов атындағы университеттің спорт кешенінде өтеді. Соңғы ойындар 1 наурызда болады. Қаланың барлық тұрғындарын осында келіп, «МӨЭК» АҚ командасын қолдауға шақырамыз!









