«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ ЭНЕРГИЯ НЫСАНДАРЫН ҚЫСҚА ДАЙЫНДАУДЫ АЯҚТАУДА

«МӨЭК» АҚ-ның 2025–2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңге өңірдегі энергия нысандарын дайындау жөніндегі жөндеу науқаны аяқталуға жақын.

Бүгінгі таңда «МӨЭК» АҚ энергетиктері жалпы ұзындығы 360 шақырым болатын әуе электр беру желілеріне (220-110-35-6(10)-0,4 кВ) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жылдық жоспардағы 495 шақырымның 73%-ын құрайды.

Сонымен қатар, энергетиктер 6/10 кВ кернеулі 106 кешенді трансформаторлық қосалқы станцияның 82-сіне жөндеу жүргізді, бұл жоспардың 77%-ын құрайды. 35–220 кВ кернеулі қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары 100% орындалды.

Сондай-ақ, келесі жоғары кернеулі әуе желілерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды: Л-Карамандыбас-1,2, Л-Глинзавод-1,2, Л-Саускан, Л-Тенге-1,2 және Л-КС-Узень-1,2. Бұл желілердің сенімділігі артып, өңірлік энергия жүйесінің жүктеме шегінде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қосымша ретінде 176 жоғары кернеулі тіреуіштердің табандары жөнделіп, желілік инфрақұрылымның сенімділігі күшейтілді.

Жөндеу науқаны аясында бес қосалқы станцияда (35 кВ және одан жоғары) күштік трансформаторлар жөнделді: ҚС Шайыр, ҚС Шетпе, ҚС Түб-Караган, ҚС Ақшұқыр және ҚС Термальная.

Электр желілерінің сенімділігін арттыру мақсатында «МӨЭК» АҚ мамандары физикалық тұрғыдан тозған сымдарды ауыстыру жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, қызмет ету мерзімі аяқталған фарфор изоляторлар орнына жаңа шыны изоляторлар орнатылуда.

«МӨЭК» АҚ Маңғыстау өңірі бойынша электр желілерінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жылыту маусымына белсенді дайындық жұмыстарын жалғастыруда.