«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ТӨРТ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯДА ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІ АЯҚТАДЫ

«МӨЭК» АҚ күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясындағы жөндеу науқанын белсенді түрде жалғастыруда. 45 градусқа дейін аптап ыстыққа қарамастан, энергетиктер энергия объектілерін жөндеуді және жаңартуды жалғастыруда. Бұл жұмыстар алдағы суық мезгілде тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда ҚС Шайыр, ҚС Шетпе, ҚС Тюб-Караган и ҚС Акшукур төрт қосалқы станцияда күштік трансформаторларды (35/10 кВ және одан жоғары) жөндеу жұмыстары аяқталды. Термальная қосалқы станциясында жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр.

Сонымен қатар, тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында (6/10 кВ) 66 толық трансформаторлық қосалқы станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Электр желілерінің сенімділігін арттыру үшін «МӨЭК» АҚ мамандары ақаулы бағаналарды, физикалық тұрғыдан тозған сымдарды ауыстыру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен бірге, ұзақ уақыт қызмет еткен фарфор оқшаулағыштар жаңа, заманауи шыны оқшаулағыштарға алмастырылуда.

Жөндеу науқаны басталғаннан бері шамамен 67 км кернеуі 220 кВ электр беру әуе желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 100% орындалуына сәйкес келеді. Жалпы, Маңғыстау өңірі бойынша жылдық жоспары 495,5 км болатын 300 км-ден астам түрлі кернеудегі ӘЖ (0,4 кВ-тан 220 кВ-қа дейін) күрделі жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ, бірқатар жоғары жиелікті электр беру желілерінде жұмыстар аяқталды: Л-Карамандыбас-1,2, Л-Глинзавод-1,2, Л-Саускан, Л-Тенге-1,2 және Л-КС-Узень-1,2. Бұл ең жоғары жүктеме кезеңінде аймақтың энергия жүйесінің қосымша тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

«МӨЭК» АҚ Маңғыстау өңірі бойынша электр желілерінің сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, жылыту маусымына белсенді дайындықты жалғастыруда.