«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ҚАРСЫ АЛДЫ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) ізгі дәстүр бойынша Амал – көктемгі жаңару мен бірлік мерекесін қарсы алды.

14 наурызда Қазақстанда Көрісу Күні немесе Амал мейрамы –  көктемнің басталуы мен жаңаруын бейнелейтін ерекше мереке атап өтіледі. Бұл мереке «қауышу» немесе «жүздесу» дегенді білдіреді. Маңғыстауда бұл күн ата-баба дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра отырып, ерекше ауқымда атап өтіледі.

Бұл күні ұлттық киімдер киіледі, таңертеңнен бастап туысқандарына, достарына және көршілеріне барып, «көрісу» рәсімін өткізеді – қол алысып, жақсы тілектерін айтады. Мереке терең мағыналы — үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге қамқорлық жасау, бірлік пен татулықта болу.

«МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Қасымхан Сыздықов ұжым мен өңір тұрғындарын осы жарқын мерекемен құттықтап, оның достық пен келісімді нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

— Амал мерекесі көктемнің басталуы мен жаңаруын білдіреді. Бұл үлкендерді құрметтеу, ізет пен қамқорлық көрсету күні. Осындай керемет күнде сіздерге бейбітшілік, амандық, денсаулық және отбасыларыңызға бақыт тілеймін, - деді Қасымхан Сыздықов.

Компания қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрлерге ерекше құрметпен қарайды. Бұл күні олар ұлттық қазақ киімдерімен жұмысқа келіп, бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін айтты. Ұжымда мерекелік көңіл-күй орнап, достық пен ұйымшылдық ахуалын қалыптастырды.

Қызметкерлердің бірі өз әсерімен бөлісіп, мерекенің маңыздылығын атап көрсетті:

— Амал ғасырлар бойы тойланып келеді және сан ғасырлық тарихы бар. Ол амандық-саулықты, бірлік пен бейбіт өмірді бейнелейді. Мен Ақтаудың барлық тұрғындарын осы тамаша мерекемен құттықтап, баршаңызға бейбітшілік пен бақыт тілеймін, - деді ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару бөлімінің бас маманы Азамат Жолдасбеков.

Амал мерекесі —  бұл көктемді қарсы алу ғана емес, бұл отбасылық әрі достық байланыстар нығаятын, үлкендерге құрмет, әлсіздерге қамқорлық және мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін күн. Бұл күні адамдар бір-біріне дегенескі өкпе-реніштерін кешіреді, қарым-қатынастарын нығайтып, жақсылықпен бөліседі.

Мерекенің басты идеясы — құрмет, мейірім мен бірлік. Ақсақалдар жастарға бақыт пен амандық тілеп батасын берсе, ал кішілері үлкендерге құрмет көрсетеді. Бұл күні алауыздық ұмытылып, достық пен өзара құрмет атмосферасы орнайды.

«МӨЭК» АҚ қызметкерлері бірлік пен ұлттық бірегейлік рухын сақтай отырып, салт-дәстүрлерді қолдай отырып, өз ұрпақтарына мақтанышпен табыстайды. Компанияда Амалды тойлау корпоративтік рухты нығайтатын және адами құндылықтардың маңыздылығын аңғартатын игі дәстүрге айналған.