«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ AKTAU HALF-MARATHON-ЫНА ҚАТЫСТЫ

11 мамырда ақмаржан қала Ақтауда жүздеген жүгірушілер мен белсенді өмір салтын ұстанушыларды біріктірген қалалық «Aktau Half-Marathon» жартылай марафоны өтті. Қатысушылар 3,5 шм бастап ұзындығы 21 шм 97,5 м дейінгі толық жартылай марафонды, сондай-ақ скандинавиялық жаяу жүру форматында 10 шм өздеріне ыңғайлы қашықтықты таңдауға мүмкіндік алды.

Марафонға қатысушылар арасында спорттық іс-шараларға үнемі қатысып жүретін және ұжым ішінде салауатты өмір салты мәдениетін белсенді түрде насихаттайтын «МӨЭК» АҚ энергетиктері де болды

«МӨЭК» АҚ Коммерциялық диспетчерлеу қызметінің коммерциялық диспетчері Медет Темірланов пен Метрология қызметінің маманы Аманжол Кенган денені шынықтырып жүрудің және жаңа белестерді бағындырудың қаншалықты маңызды екендігін өз үлгісімен көрсетті.

– Мен үшін жүгіру – тек спорт емес, бұл өзіңді қайта жандандыру және әдеттегіден тыс нәрсеге қадам басу. Марафонға қатысу – күшті қуат береді. Біздің компанияның осындай бастамаларды қолдайтынын көру қатты қуантады! – деп Медет Темірланов өз әсерімен бөлісті.

Энергетиктер өздері таңдаған қашықтықты сенімді түрде еңсере отырып, нағыз спорттық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

– Бұл менің қатысып отырған алғашқы марафоным емес, әр жолы көз жеткізетінім — мұндай шаралар адамдарды біріктіреді. Біз жай ғана жүгіріп қоймай, нағыз командалық рухты сезініп, күшті эмоциялық серпін мен алға қарай ұмтылуға мотивация алдық, бұл тек спортта ғана емес, өмірде де..., — деп атап өтті Аманжол Кенган.

 «МӨЭК» АҚ компаниясы көп жылдан бері қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық маңызды орын алатын корпоративтік мәдениетті жүйелі түрде дамытып келеді. Спорттық шараларға қатысуды қолдау – осы ұстанымның ажырамас бөлігі.

«Aktau Half-Marathon» жарысына қатысу «МӨЭК» АҚ энергетиктері үшін жай ғана спорттық іс-шара емес, рух күшін, шыдамдылық пен командалық бірлікті паш ететін нағыз мерекеге айналды.