
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Чопанов CBC Azerbaijan телеарнасының 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған қайғылы ұшақ апатына арналған деректі фильмінің кейіпкерлерінің бірі болды.
Телеарнаның түсірілім тобы куәгер мен құтқару операциясына қатысушының сұхбаттары мен естеліктерін жазу үшін Нұралы Чопановпен кездесті. Ол Ақтаудан 30 шақырым жерде орналасқан Сайын Шапағатов кенті маңайындағы қосалқы станцияда кезекшілік кезінде болған оқиғалар туралы айтып, сол күнгі сәттерімен бөлісті. Дәл сол жерден ол әріптестерімен бірге қайғылы оқиғаны бірінші болып байқап, көмекке асыққан болатын.
Баку — Грозный J2-8243 рейсімен ұшқан ұшақ Каспий теңізінің жағалауында апатқа ұшыраған болатын. Бұл оқиғаға ешкімді бей-жай қалдыра алмады. «МӨЭК» АҚ қызметкерлері апат орындарының маңында болғандықтан, зардап шеккендерге алғаш көмек көрсеткен жандардың қатарында болды. Олардың батыл әрекеттерінің арқасында бірнеше адамның өмірі сақталды.
Батылдығы, жанқиярлығы мен сыни сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін Нұралы Чопанов мемлекеттік наградаға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның төтенше жағдайдағы еңбегі мен ерлігін атап өтті.
CBC Azerbaijan телеарнасының деректі фильмі J2-8243 рейсінің қайғылы оқиғалары туралы ғана емес, сондай-ақ энергетик Нұралы Чопанов сияқты қарапайым да қайсар адамдар қатысқан құтқару тарихы туралы да баяндайды.
