
Халықаралық волонтерлар күнін тойлау аясында «МӨЭК» АҚ Бозащы ЭЖА(РЭС) қосалқы станциясына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер Шапағат Ізбенов «Жыл волонтері – 2025» сыйлығының «Салауатты қоғам» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Байқауды Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып, өңірдегі ең белсенді және әлеуметтік маңызы бар еріктілерді жинады.
Шапағат Ізбеновтың жеке жетістіктерінен басқа, оның жетекшілігімен «Таушық жастары» бастамашыл тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Жыл еріктісі - 2025» халықаралық сыйлығында үздік еріктілер ұжымы болып танылды. Ұжым «Салауатты өмір салтын насихаттау» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
-Жұмыс уақытынан тыс уақытта біз ауыл жастарын қолдауға, ауылымызды абаттандыруға және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға барынша көңіл бөлуге тырысамыз. Әлеуметтік жобаларға қатысудың арқасында біз өтеусіз гранттар алдық, соның арқасында біз street workout алаңын орнаттық, демалыс аймағында орындықтарды жабдықтадық және спорт кешеніне теннис үстелін сатып алдық. Сонымен қатар, біз ауыл жастары арасында волейбол мен футболдан турнирлер өткіземіз, ал демеушілердің қолдауымен әуесқой командалар арасында Маңғыстау чемпионатына жас футболшылардың қатысуын қамтамасыз етеміз. Біз достарымызбен бірге туған ауылдың дамуына шағын, бірақ шынайы үлес қосу үшін еріктілер тобын құрдық, - дейді Шапағат Ізбенов.
Шапағат Ізбенов кәсіпорында 15 жылдан бері жұмыс істейді. Жеті жыл бойы Шапағат Ізбенов «Таушық жастары» ұйымының еріктісі.
«МӨЭК» АҚ өзінің жоғары білікті мамандарымен мақтанады және олардың мейірімділігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

