«МӨЭК» АҚ ЭЛЕКТР ЖЕТКІЗЕТІН ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУДЕ

«МӨЭК» АҚ 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы мезгіліне дайындығын қарқынды жүргізуде. Жүргізіліп жатырған іс-шаралардың негізгі мақсаты – энергия жүйесіне жоғары жүктемелер түскен кезеңде, тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Жөндеу науқанының басты бағыттарының бірі әуе электр беру желілерін (ЭБЖ) жоспарлы ағымдағы және күрделі жөндеу болып табылады.

Әуе электр желілері – электр энергиясын өндіруші көздерден түпкілікті тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін электр желісінің маңызды бөлігі. Энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе желілерін үнемі жөндеп, техникалық күтім жасау қажет.

Тексерулер нәтижесінде мамандар электр беру желісінің жұмысында апаттар мен ақауларға әкелуі мүмкін кішігірім бұзылуларды, тозуды, коррозияны және басқа да ұсақ ақауларды анықтайды. Мәселе анықталғаннан кейін, олқылықтарды жою жөніндегі қажетті шаралар қабылданады, бұл ЭБЖ-ны жұмыс бабында ұстауға және ықтимал апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жөндеу науқаны басталғаннан бері энергетиктер жоспарланған 495,4 шақырымның әртүрлі кернеу класындағы 115 шақырымынан астам желілерін жаңартты. Сондай-ақ, ЭБЖ тіректерін ауыстыру белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда жоғары вольтты желілер тіректерінің 176 тұғыры жөнделді. Сонымен қатар, электр беру желілеріндегі фарфор оқшаулағыштар сенімділігі мықты әрі берік шыны оқшаулағыштарға ауыстырылды. Мамандар апат қаупін азайту және қыс мезгілінде тұрақты электр қуатын қамтамасыз ету мақсатында тозған сымдарды да алмастыруда.

Энергетиктер «Ақшұқыр Т-2», «Түпқараған Т-2» и «Шайыр Т-1» қосалқы станцияларында қуат трансформаторларынжөндеді—бұлэнергия жүйесінің сенімдіжұмысына бағытталғанмаңыздықадам.

«МӨЭК» АҚ кез келген ауа-райы жағдайында тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізуде.