«МӨЭК» АҚ-ДА ТАЛЫПТЫҚ (ТӘЛІМГЕРЛІК) ИНСТИТУТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ: 16 ҚЫЗМЕТКЕР СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

Энергетика саласында білім тек оқулықтар арқылы сирек беріледі. Бұл салада көп нәрсе тәжірибемен, яғни объектіге алғашқы дербес шығу, күрделі жағдайларды талдау, тез шешім қабылдай білу және әріптестердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезіну арқылы келеді. Дәл осы себепті «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ҚКЖ) ЖШС компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ-да тәлімгерлікке ерекше мән беріледі.

Компанияның 16 қызметкері «Тәлімгерлік мектебі» жобасы аясында арнайы оқудан өтіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәлімгер сертификаттарын алды. Енді олар ресми түрде ҚР ҰКП Тәлімгерлер тізіліміне енгізілді және кәсіпорында жаңа қызметкерлер мен студенттерді оқытуға әрі сүйемелдеуге құқылы.

Оқыту 2026 жылғы 15–16 қазан аралығында өтті. «Жұмыс орнында оқыту педагогикасы» тақырыбындағы курсты және мамандар-тәлімгерлерді аттестаттауды «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Бағдарлама үш модульден тұрды. Қатысушылар жұмыс орнында оқытуды дұрыс ұйымдастыруды, бейімделу кезеңінде жаңа қызметкерге қолдау көрсетуді және оның оқу нәтижелерін бағалауды үйренді.

Энергетикалық компания үшін мұндай дайындықтың маңызы өте зор. Өндірістік қызмет тек кәсіби білімді емес, сонымен бірге технологиялық процестер мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Жас маманға белгілі бір операцияны қалай орындау керектігін түсіндіріп қана қоймай, өз жұмысына деген жауапкершілікті сезінуді үйрету әлдеқайда маңызды.

Тәлімгерлік әсіресе болашақ маман тек оқу орнында емес, тікелей кәсіпорында да білім алатын дуалды оқыту шеңберінде аса маңызды. Жұмыс орнында тәлімгер теория мен шынайы кәсіп арасындағы байланыстырушы буынға айналады.

«Тәлімгер — бұл жай гана өз білімін беретін адам емес. Ол жаңа қызметкерге ұжымның бір бөлігі болуға, жұмыстың ерекшелігін түсінуге және біртіндеп дербес маман болуға көмектеседі. Біздің салада практикалық тәжірибенің маңызы зор, сондықтан оны жас әріптестерге беру мүмкіндігі — үлкен жауапкершілік», — деп атап өтті оқу қатысушылары.

Сертификат алған МӨЭК қызметкерлерінің қатарында аудандық электр желілерінің шеберлері мен инженерлері, жоғары кернеулі желілер, релелік қорғаныс және автоматика, ЭКЕСАИ (АСКУЭ), ақпараттық технологиялар және метрология қызметтерінің мамандары бар.

Сертификат алып, жаңа қызметкерлерді оқыту құқығына ие болған тәлімгерлер:

  • Чопанов Нуралы Жусупович — Ақтау ЭЖА жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері;
  • Айбулатов Серик Турсунбекович — Ақтау ЭЖА учаске шебері;
  • Сағынғалиев Руслан Сағынғалиұлы — Жетібай ЭЖА Құрық учаскесінің шебері;
  • Конакбаев Галымбек Естуреевич — Өзен ЭЖА қосалқы станция тобының бастығы;
  • Куламанов Ондас Жолдасбаевич — Өзен ЭЖА қосалқы станциясының аға шебері;
  • Саркулов Орынгали — Шетпе ЭЖА бас инженері;
  • Туралханов Изберген Орысбекович — Шетпе ЭЖА Жедел-бригадалық қызметінің (ЖБҚ) диспетчері;
  • Алкиев Максат Абдижалилович — Жоғары кернеулі желілер қызметінің бастығы;
  • Байбозов Джумабек Миргалиевич — РҚА қызметінің инженері;
  • Утегалиев Ернар Ерболулы — РҚА қызметінің электромонтері;
  • Кенжебек Шәріп Авелбайұлы — ЭКЕСАИ бөлімінің жетекші маманы;
  • Баймұханов Қайнар Нұралыұлы — ЭКЕСАИ бөлімінің жетекші маманы;
  • Жүзбаев Жасұлан Саяділұлы — Ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы;
  • Адильбаев Кенжебай — Түпқараған ЭЖА Ақшуқыр учаскесінің шебері;
  • Ботагараев Муратбек Джулдашевич — Түпқараған ЭЖА Форт учаскесінің шебері;
  • Уалиев Нурлан Аманқосұлы — Метрология қызметінің жетекші маманы.

«Жас маман кәсіпорынға келгенде, жанында кез келген сұрақпен жүгінуге болатын адамның болғаны маңызды. Тәлімгер жұмысты қалай дұрыс орындау керектігін көрсетіп қана қоймай, неліктен дәл осылай жасау қажеттігін түсіндіруі тиіс. Жұмыстың сапасы да, қауіпсіздік те осыған байланысты. Кәсіби тәжірибемен бөлісу — бұл компанияның болашағына инвестиция салу деген сөз», — деп бөлісті МӨЭК-тің жаңа тәлімгерлерінің бірі.