8 наурыз қарсаңында «МӨЭК» АҚ ұжымының ер-азаматтары әйел әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Компанияның акт залында игі дәстүрге және Қоғамның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған салтанатты іс-шара өтті.
Әйелдер ұжымы алдында сөз сөйлеген «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Арқабай Нұрматұлы Тастанов әйел адамдардың энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті:
— Энергетика әдетте, ерлер саласы болып саналады. Стресске мықты төзе алу, талапшылдық, шапшаңдық және кейде салқынқанды бола білу — нағыз кәсіпқойға тән қасиеттер. Дегенмен, бұл салада әйелдер де әлдеқашан нық орнығып, өз позицияларын берік ұстанып келеді. Барлық ер-азаматтар атынан Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құрметті әйелдер қауымы, қымбатты әріптестер, біз сіздермен мақтанамыз және еңбегіңізді бағалаймыз. Өздеріңіздей нәзік жандарға энергетикалық кешенді дамытуда негізгі рөл атқаратын көптеген маңызды міндеттерді орындау жүктелген. Өңірдің электр энергетикасының сенімділігі мен тиімділігіне қосқан зор үлесіңіз бен адал жұмысыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шын жүректен мол бақыт, амандық, жұмыста сәттілік, отбасыңызға береке мен көктемгі көңіл-күй тілейміз. Әрқашан жанұяңызда бірлік болып, жақындарыңыздың қамқорлығы сізді кез-келген өмір жағдайында қолдап жүрсін!
Іс-шара соңында ер-азаматтар әйелдер қауымына еңбектері, мамандыққа адалдығы және компанияның дамуына қосқан үлестері үшін шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті. Салтанатты көңіл-күй мен жылы сөздер энергетик әйелдерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, атаулы күнді нағыз мейрамға айналдырды.