
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) алғаш рет Дублер күні — Кәсіпорынның корпоративтік оқыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылған бірегей іс-шара өтті. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Электр энергетикасы» факультетінің үшінші курс студенттері — Дильназ Жубантаева және Марина Қайратқызы қатысты.
30 маусым мен 18 шілде аралығында қыздар кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өтуде. Аталған кезеңде оларға мамандардың жұмысын бақылап қана қоймай, өндірістік процеске тікелей қатысуға мүмкіндік берілді.
Дубль күні Сынау қызметінің химиялық зертханасы алаңында өтті. Маман Жанслу Давлетованың жетекшілігімен тәжірибеден өтуші қыз трансформатор майының физика-химиялық сипаттамаларын, оқшаулау сапасын және электр желілерінің сенімділігіне әсер ететін басқа да маңызды параметрлерді зерттей отырып, бірқатар зертханалық зерттеулер жүргізді.
«Энергетика – бұл жай теория ғана емес, бұл – үнемі тәжірибе арқылы дәлелденетін сала. Бүгін біз зертханалық сынақтардың қалай жүргізілетінін біліп қана қоймай, талдаулар мен өлшемдерді өзіміз орындадық. Бұл – баға жетпес тәжірибе», – деді студент Дильназ Жубантаева.
«МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы атап өткендей, мұндай іс-шаралар білім беру мен экономиканың нақты секторын жақындастырудағы маңызды қадам болып табылады.
«Бүгінгі студенттер – ертеңгі энергетиктер. Біз жас мамандардың өндірістен қорықпай, қызығушылықпен және түсіністікпен қадам басуына жағдай жасауға тырысамыз. Бұл күнге қыздардың қатысуы — ерекше маңызды. Өкінішке орай, энергетика саласында әлі де гендерлік теңгерімсіздік сақталып отыр», — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, дублер күні жақсы дәстүрге айналып келеді және болашақта бұл шара мамандыққа қызығушылық танытқан студенттердің санын арттырады.
«МӨЭК» АҚ-да дублер күнін өткізу — жас мамандарға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірмей тұрып алғашқы маңызды практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін, оқытуды нақты өндірістік тәжірибемен тиімді ұштастырудың жарқын үлгісі.








