2025 жылғы 23 сәуірде «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ арасында студенттер үшін кәсіби және өндірістік практикаларды өткізуге бағытталған өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл электр энергетикасы саласындағы болашақ мамандарды дамыту мен даярлау бағытындағы маңызды қадам.
Осы келісім аясында ALT университеті студенттері мен оқытушыларының «МӨЭК» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Қонақтар қатарында «МӨЭК» АҚ Қызметкерлер басқармасының бастығы Асемгүл Ходжабекова мен «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы болды.
Елімай Қозыбағарқызы кездесу барысында университеттермен ынтымақтастық орнатудың, студенттерге теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар нақты өндірістік ортада тікелей практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік беретін дуальды оқытуды енгізудің маңыздылығын атап көрсетті.
- ALT University-пен ынтымақтастық біздің сала үшін білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болып табылады. Студенттер біздің кәсіпорын базасында тәжірибеден өте отырып, өз дағдыларын дамытуға және энергетика саласындағы жұмыс перспективаларымен танысуға бірегей мүмкіндік алатынына сенімдіміз. Біз үшін оқу орындарымен байланыста болу өте маңызды, өйткені компаниямыздың және жалпы саланың болашағы студенттердің білім сапасы мен практикалық тәжірибесіне тікелей байланысты, - деді Елімай Қозыбағарқызы.
«Электроэнергетика»және«ITэнергетика»кафедраларының3және4курсстуденттеріэнергия беруші кәсіпорынныңқызметіментанысу мүмкіндігіне ие болып, «МӨЭК»АҚ сияқтытұрақтыәріболашағы баржұмысұсынатынкомпаниялардақызмет жолынбастауқаншалықтымаңыздыекендігінбілді.
«МӨЭК» АҚ студенттердің кәсіби өсуіне айрықша мүмкіндіктер ұсына отырып, компания базасында дуальды оқытудан өтуге белсенді түрде шақыруда. Келісім аясында компания мен университет өңірдің энергетикалық секторын табысты дамыту үшін жоғары білікті кадрларды даярлау бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады.