«МӨЭК» АҚ АЛАЯҚТАР ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!

Соңғы уақытта телефон алаяқтығы жағдайлары жиілеп кетті. Қаскөйлер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін «МӨЭК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырады және электр есептегіштерін ақылы түрде тексеруден өткізуді ұсынады.

Назарларыңызға аударамыз: «МӨЭК» АҚ есепке алу аспаптарын тексерумен (поверка) айналыспайды. Компанияда мұндай жұмыстарды жүргізуге арналған тиісті лицензиялар, сертификаттар мен зертханалар жоқ.

Сіздерді сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз. Егер сізге осындай қоңырау түссе, бейтаныс тұлғаларға жеке және банктік деректеріңізді бермеңіз, сондай-ақ ақша аудармаңыз.

Өзіңізді сақтаңыз және абай болуыңызды өтінеміз!