«МӨЭК» АҚ АҚТАУДАҒЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДА

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ өңірдің энергожүйесін белсенді дамытуда — тұрақты және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа объектілер салады және ескілерін жаңартады. 

Бүгінгі күні Ақтау қаласында орналасқан «ПТФ» ПС-35/6кВ қосалқы станциясын жаңғырту аяқталуға жақын. 1975 жылы пайдалануға берілген нысан Мұнайлы ауданының 29а шағын ауданының және бірқатар коммерциялық нысандарының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. 

Жобаны іске асыру 2024 жылы басталды — бірінші кезең аясында қажетті жабдықтар мен жинақтары сатып алынды. Жоба «ПТФ» ПС-35/6кВ ОРУ-35кВ және ЗРУ-6кВ жабдықтарын жаңғырту (реконструкциялау)» инвестициялық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі бір миллиард теңгеден асады. 

«Қосалқы станцияда көптеген жылдар бойы ескірген және тозығы жеткен жабдықтар — 35-6кВ май ажыратқыштары және электромеханикалық реле негізінде релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) құрылғылары пайдаланылды. Негізгі электр жабдықтары 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді және өз қызметтік ресурсын толық дерлік тауысты. Сонымен қатар, май ажыратқыштары қазірдің өзінде тоқтатылды және оларды жөндеуге қажетті бөлшектері жоқ. Төтенше жағдайларда май ажыратқыштарын одан әрі пайдалану олардың істен шығуына және өртенуіне әкелуі мүмкін»,- деді «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Мұрат Иманов. 

Сонымен қатар, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болды — олар төтенше жағдайларда әрдайым уақытылы іске қосылмаған, бұл электрмен жабдықтау сенімділігінің төмендеуіне және электр жабдықтарының зақымдалуына әкелуі мүмкін еді. 

«Энергия объектісін жаңғырту және ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында жобада майлы ажыратқыштарды заманауи 35 кВ элегазды және 6 кВ вакуумдық ажыратқыштармен толық ауыстыру көзделген. Бұл шешім электрмен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыруға, пайдалану шығындарын қысқартуға, өрт және жарылыс қауіпті жағдайларды болдырмауға, сондай - ақ қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мұрат Иманов. 

Қайта құрудың негізгі кезеңдерінің бірі қосалқы станцияны бақылау мен басқарудың заманауи жүйесін енгізу болды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде деректер «МӨЭК» АҚ ӨДО диспетчерлік қалқанына түсетін болады. Бұл желінің жай-күйін, коммутациялық жабдықтың жай-күйін жедел бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жүйенің жұмысын тиімді бағалауға және электр энергиясының бөлінуі мен тұтынылуын дәл ескеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта релелік қорғаныс және автоматика, КРУ-6кВ шкафтарын монтаждау аяқталды, сондай-ақ 35 кВ ашық тарату құрылғысының (ОРУ) бір секциясының жабдығы орнатылды. Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланған. 

«ПТФ» қосалқы станциясын қайта жаңғырту – бұл өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын тұрақты дамыту, электрмен жабдықтау сенімділігін және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам.