«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) тұрғындарды тұрақты және үздіксіз электр энергиясымен жабдықтауда маңызды рөл атқарады.
«МӨЭК» АҚ қалалық және аудандық өткізу қызметтерінің негізгі міндеттері мынадай:
Қалалық және аудандық өткізу қызметі негізінен тұтынушылардың жазбаша және ауызша өтініштерін өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қатысушылармен, мемлекеттік және қадағалау органдарымен электрмен жабдықтау қызметтерін ұсынуға байланысты мәселелер бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізеді. Негізгі міндетіне есептеулерді түсіндіру, дербес шоттарды ашу, түзетулерді және қайта есептеулерді орындау, қолданыстағы бағдарламаға мүлік иелері бойынша өзгерістерді енгізу кіреді.
Бұдан басқа, өткізу қызметі тұтынушылардың барлық санаты үшін белгіленген тарифтерге және энергия беруші ұйымдардың деректеріне сәйкес өткізілген электр энергиясының көлемін толық және дұрыс есепке алуды қамтамасыз етеді.
-Қалалық және аудандық өткізу қызметі барлық есептеулердің ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біз тұтынушылардың мәселелерін жедел шешуге және оларға барлық қажетті ақпаратты беруге тырысамыз, - деді «МӨЭК» АҚ өткізу қызметі аудандық учаскесінің инженері Мира Саттарова.
Сонымен қатар, өткізу қызметі қолданған электр энергиясы үшін қарызы бар тұтынушыларға берешектің бар-жоғы және электр энергиясының ажыратылуы мүмкін екендігі туралы хабарламалар жібереді. Сондай-ақ төлем жасамағандарға электрмен жабдықтауды шектеуге немесе тоқтатуға энергия беруші ұйымдарға өтінім береді.
«МӨЭК» АҚ өткізу қызметінің жұмысы әрбір тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметтерінің сенімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде тұтынушыларға уақытылы және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.