
«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ алдағы күзгі-қысқы маусымға белсенді дайындықты жалғастыруда.
Ремонт науқаны басталғаннан бері «МӨЭК» АҚ энергетиктері 346 шақырымға жуық әуе электр желісін жөндеп, жылдық жоспардың 65%-ын орындады.
Кәсіпорын мамандары кернеуі 6–10 кВ болатын 77 жиынтықты трансформаторлық подстанцияның 63-ін жөндеп, бұл бағыттағы жылдық жоспарды 82%-ға жеткізді.
Бүгінгі таңда кернеуі 110 кВ болатын электр желілеріндегі ақауы бар бағандарды, изоляторларды және тозығы жеткен сымдарды ауыстыру, сондай-ақ металл бағандардың табандарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін «МӨЭК» АҚ подстанцияларды жөндеу бойынша жылдық жоспарды 100%-ға орындап, күштік трансформаторларды жөндеуді аяқтағаны хабарланған болатын.
Жөндеу науқаны аясында жүргізіліп жатқан барлық шаралар Маңғыстау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және алдағы күзгі-қысқы кезеңде электр желілері кешенінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.