
6 мамырда «МӨЭК» АҚ-да Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік атмосфера мен шынайы алғыс сөздер бұл күнге ерекше мән берді. Компанияның әйелдер ұжымы өздерінің әріптес ер-энергетиктері үшін тамаша әрі есте қаларлықтай тосын сый дайындады.
Таңертеңнен-ақ ер-азаматтар үшін жұмыс күні ерекше боп басталды. Компанияның әйелдер қауымы әскери тақырыптағы элементтермен және достыққа негізделген спорттық жарыстармен – армия қызметінің рухына жақын атмосфераны қалыптастыруға тырысты. Ер-азаматтарды түрлі сынақтар күтіп тұрды: спорттық жарыстар, кедергілерден өту және күш-қайрат, ептілік, төзімділік пен командалық рухты көрсету мүмкіндігі. Барлығы да асқан ұқыптылықпен, әріптестеріне деген ақ ниет, шынайы құрметпен ұйымдастырылды.
Мерекеге дайындық алдын-ала жүргізілді – әйелдер ұжымы іс-шараның сценарийін мұқият ойластырып, құттықтау сөздері мен естелік сыйлықтарын дайындады. Осындай күш-жігердің арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бүкіл әйелдер ұжымы атынан ер-азаматтарға Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Эльмира Исмагулова құттықтау сөздерін арнап, жылы лебізін білдірді:
«Құрметті әріптестер, қымбатты ер-азаматтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ашық аспан, мықты денсаулық, төзімділік, батылдық пен өз күшіңізге деген сенімділік тілейміз. Сіздің өміріңізде әрдайым ерлікке, адалдыққа, құрметке және адамның шынайы бақытына орын болсын. Біз сіздерге жанымызда жақын жүргендеріңіз үшін, сенімділігіңіз, еңбегіңіз және кәсіби біліктілігіңіз үшін алғыс айтамыз. Барлық бастамаларыңызда әрдайым бақ-береке мен сәттілік серік болғай!»
Салтанатты бөлім мен спорттық сынақтар аяқталғаннан кейін, ер-азаматтар естелік сыйлықтар алып, әріптестерінен көптеген жылы лебіздер мен жақсы тілектер естіді. Іс-шара қатысушылардың жүрегіне бірлік, құрмет және нағыз мереке сезімін сыйлап, керемет көңіл-күймен аяқталды.

















