
Жаңа жыл қарсаңында «МӨЭК» АҚ-да «Жақсылық энергиясы» атты мейірімді акция өтті. Бастама мүмкіндігі шектеулі балалары бар компания қызметкерлерінің балаларына қамқорлық жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлап қолдауға бағытталған.
Акцияға компанияның барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда бөлімдер, басқармалар және РЭС жаңа жылдық ғажайыпты жасауға өз үлестерін қосты. Қызметкерлер мерекені балаларға ерекше ету үшін сыйлықтарды өздері алып берді.
Балаларға киім мен гаджеттерден бастап велосипед сынды түрлі сыйлықтар берілді. Балалардың жүздеріндегі қуаныш пен шынайы қуануын көру акцияны ұйымдастырушылар үшін ең жақсы сыйлық болды.
«Бізге қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін қамқорлық танытып, қолдау өте маңызды. «Жақсылық энергиясы» акциясы балаларға жаңа жылды сезіндіріп, ерекше қуаныш сыйлау үшін ұйымдастырылады», - деді персоналды басқару басқармасының бастығы Әсемгүл Ходжабекова.
Мұндай бастамалар компанияның корпоративтік рухын нығайтуға көмектеседі және «МӨЭК» АҚ үшін адамдарға қамқорлық жасау тек сөз ғана емес, нақты іс-әрекеттерден тұратынын көрсетеді.


