«МӨЭК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘЛІМГЕРЛІК СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Ақтаудағы кәсіпкерлер палатасында «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) мамандарын оқыту аяқталды. 16-17 шілдеде аралығында «Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер-мамандарды аттестаттау» атты оқу-семинары өтті. Аталған оқу өңірдің энергетика саласында корпоративтік тәлімгерлікті дамытудағы маңызды қадам болды.

Оқытуды елордадан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен арнайы келген білікті жаттықтырушы жүргізді. Бағдарлама тәлімгерліктің негізгі аспектілерін қамтитын үш модульді қамтыды: жұмыс орнында оқытуға дайындық, жаңа қызметкерлерді қолдау және олардың бейімделу нәтижелерін бағалау.

Оқыту курсының мақсаты - кәсіпорын ішінде тұрақты тәлімгерлік институтын қалыптастыру. Бұл кадрлар айналымын төмендетуге, жас мамандарды жұмыс процесіне жылдам тартуға және қызметкерлердің жалпы кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған кадр саясатының маңызды бөлігі. 

«МӨЭК» АҚ орталық диспетчерлік қызметінің аға диспетчері Бибігүл Бесмағанбетованың айтуынша, оқыту тәлімгерлікке жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

-«МӨЭК» АҚ бастамасымен біз үшін тәлімгер-мамандарды даярлау бағдарламасы аясында оқыту ұйымдастырылды. Біз тәлімгерлік туралы бұрын естідік, бірақ мұны іс жүзінде толық түсінбеген едік. Енді қандай критерийлер мен әдістер қолданылатыны, студенттермен, университеттермен, басқа бөлімшелермен өзара жұмыс жасауды қалай құруға болатындығын үйрендік. Біз логисттермен және өндіріс шеберлерімен бірге оқыдық, бұл біз үшін пайдалы оқу курсы болды, - деді Бибігүл Бесмағанбетова.

Курс аясында қатысушылар жұмыс орнында оқытудың педагогикалық негіздерін игерді, білімді табысты беруге ықпал ететін тиімді әдістемелерді, технологияларды және техникалық құралдарды зерттеді. Білім алушылардың үлгерімін бағалау және әрбір қызметкерге жеке көзқарас мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Курс соңында барлық қатысушылар тәлімгер сертификаттарын алып, ҚР «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлердің ресми тізіліміне енгізілді. Бұл дегеніміз, олар қазір кәсіпорында жас мамандарды ресми түрде оқытуға болады деген сөз.

-Тәлімгер сертификаты тек құжат емес. Бұл кәсіпқойлықты, тәжірибемен бөлісуге дайындықты және білікті кадрлардың жаңа буынын қалыптастыру жауапкершілігін мойындау. Қарқынды дамып келе жатқан экономика және тұрақты технологиялық өзгерістер жағдайында мұндай мамандардың рөлі жыл сайын артып келеді, - деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Тәлімгер сертификаты және жаңа қызметкерлерді оқыту құқығы мына қызметкерлерге берілді:

*Бесмағамбетова Бибігүл – Орталық диспетчерлік қызметтің аға диспетчері;

*Тауасаров Ербол - АСКУЭ бөлімінің бас маманы;

*Қазақбаев Ержан - сынақ қызметінің жетекші инженері;

*Кенжеғалиев Азамат – Ақтау АЭТ(РЭС) жөндеу шебері;

*Майрамбаев Мұхаммеджан - Ақтау АЭТ аға диспетчері;

*Құлмақ Нұрсұлтан - метрология қызметінің бас маманы;

*Тұрғанбаев Ербол - байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметінің бас маманы;

*Абаев Төребек - Бейнеу АЭТ жөндеу шебері;

*Байқулов Куаныш - Жаңаөзен АЭТ бас инженері;

*Қазтуғанов Ғазиз - Жетібай АЭТ бастығы.

«МӨЭК» АҚ тәлімгерлік және оқыту арқылы өзінің кадрлық ресурстарын нығайта отырып, тұрақты және сапалы өсу жағына сенімді қадамдар жасайды.