«МӨЭК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ENERGO UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2025 жылғы 22 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Energo University университетінде (Алматы қ.) «Энергиямен қамтамасыз ету, электр жетегі және электр техника» кафедрасының студенттері мен «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) өкілдерінің кездесуі өтті.

Іс-шара аясында университетке «МӨЭК» АҚ Қызметкерлер басқармасының бастығы Асемгүл Ходжабекова мен «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы барды. Олар студенттерге компанияның қызметі, жұмыстың негізгі бағыттары және өңірді сенімді электрмен қамтамасыз етудегі МӨЭК рөлі туралы айтып берді.

Қонақтар кадрлық әлеуетті дамытуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударды. Студенттер жас мамандарға қойылатын талаптар, сондай-ақ өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері мен компанияда жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат алды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, энергетикасаласындағы заманауи үрдістерді талқылап, «МӨЭК» АҚ корпоративтік мәдениеті туралы мағлұмат алды.

Мұндай кездесулер еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ете отырып, білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.