«МӨЭК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНДАҒЫ САТЫП АЛУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

13-15 наурыз аралығында Астанада «Табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуларын жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің» қатысуымен «ЕвразианТек» ЖШС ұйымдастырды.

Семинарға «МӨЭК» АҚ Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының мамандары Рахым Рашидов пен Бахтияр Бекмуратов қатысты. Іс-шара барысында табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына байланысты өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ 2025 жылы күшіне енетін заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді.

Мына тақырыптарға ерекше назар аударылды:

  • Сатып алудағы заманауитрендтер:жасандыинтеллектпенцифрландыру;
  • Жосықсызжеткізушілердіңавтоматтандырылғантізілімі;
  • Өнім берушіні жосықсыз деп танутәртібіжәнесоңғыөзгерістерескерілген, өтінімдердіқабылдамауға арналған негіздемелер.

Семинардың мақсаты – сатып алу қызметі саласындағы кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ энергетика секторы қатысушыларының арасында тәжірибе алмасу.

Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бағдарламаны сәтті меңгергенін және жаңа білім алғанын растайтын сертификаттар алды. Сонымен қатар семинар сала мамандары арасында кәсіби байланыстар мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

«МӨЭК» АҚ Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының маманы Рахым Рашидов өз әсерімен бөлісті:

«Бұл семинарға қатысу бізге сатып алу заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы білімімізді тереңдетіп қана қоймай, процестерді автоматтандыру мен цифрландырудың заманауи тәсілдері туралы білуге мүмкіндік берді. Бұл біздің компанияда сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін құнды тәжірибе болмақ».

Мұндай іс-шараларды өткізу энергетика саласындағы сатып алулардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ нарыққа қатысушылар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.