
21 ақпанда «Ұлттық жобаны талқылау, сондай-ақ қаржыландыру тетіктерін түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Эльмира Исмагулова және Жоспарлау-экономикалық басқармасының бас маманы Жанар Ермекбаева қатысты.
Семинар аясында мына бағыттар жөніндегі мәселелер талқыланды:
Іс-шараға сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің бірінші басшылары мен қаржы директорлары/бухгалтерлері, өңірлерден жергілікті атқарушы органдардың қаржы басқармасының өкілдері қатысты.
Жиын энергетика секторының қатысушылары үшін саланың одан әрі дамуына және барлық мүдделі тараптардың тиімді өзара іс-қимылына ықпал ету арқылы байланыстар орнатуға әрі тәжірибе алмасуға себепші платформа болды.