12 қараша күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика жүйесінің құрылғанына 105 жыл толуына орай «МӨЭК» АҚ электр энергиясын талдау және өткізу бөлімінің бас маманы Хасанова Нұрлыгүл Мәжитқызы саланың дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасына ие болды.
Нұрлыгүл Мәжитқызы - тәжірибелі маман. Биыл оның «МӨЭК» АҚ-да жұмыс істегеніне 30 жыл. Кәсіби қызмет жылдарында ол өзін өңірдің энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан жауапты, бастамашыл және жоғары білікті қызметкер ретінде көрсетті. Нұрлыгүл Мәжитқызы өзінің мансабын 1995 жылы бақылаушы қызметінен бастады. Еңбекқорлығымен және кәсіби көзқарасымен қызмет жолында алға жылжып, 2014 жылы электр энергиясын сату бойынша бас маман лауазымына тағайындалды. Әріптестері оның жауапкершілікті, жұмысқа деген аналитикалық көзқарасын және тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас орнату қабілетін ерекше бағалайды.
«МӨЭК» АҚ басшылығы мен ұжымы Нұрлыгүл Мәжитқызы Хасанованы марапатымен құттықтап, көп жылғы адал еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп, кәсіби жетістіктер тілейді.