«МӨЭК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

27 және 28 ақпанда Астанада «Энергоскан» ЖШС ұйымдастырған электр энергетикасы жөніндегі халықаралық семинар өтті. Іс-шараға қатысушылар қатарында «МӨЭК» АҚ Сынау қызметінің бастығы Асқар Үсенов болды.

Семинар барысында электр энергетикасы саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа технологиялар қарастырылды, оның ішінде:

  • интеллектуалдыталдаужәнеқызмет ету мерзімінболжау арқылы кабельдікжелілердідиагностикалаужәнесынау;
  • энергия жүйелерін сынау мен бақылау,сондай-ақ трансформатормайындаерігенгаздардықосымшақызмет көрсетпей-ақ талдау;
  • жасандыинтеллект көмегімен есептержасаужәнедәл әріжылдамаудитке арналғанмаршруттарқұрумүмкіндігібаржылуды бейнелеу жүйелері;
  • үшөлшемдіфазалықжәнестереоскопиялықөлшеулер мен ЖИ-көмекшісінқолдану арқылыжаңабуынның бейне-көшірмесі;
  • электротехникалықзертханалар, оңтайлы жәнетасымалданатынжүйелер.

Асқар Үсенов іс-шара туралы өз әсерімен бөлісті:

«Өте пайдалы семинар болды. Біз жаңа технологиялармен, жабдықтармен танысып, саланың жетекші мамандарынан құнды білім мен ұсыныстар алдық. Бұл кәсіби өсуге және әріптестермен тәжірибе алмасуға берілген тамаша мүмкіндік».

Семинар форматы қатысушыларға жаңа білім алу үшін ғана емес, сонымен бірге осы саладағы әріптестерімен де жеке байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Қатысушылар озық жабдықтармен таныса отырып, оның жұмысын сынап көрді, сондай-ақ мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, олардан білікті жауаптар алды.

«МӨЭК» АҚ қызметкерлері электр энергетикасы саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялардан хабардар бола отырып, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруді және біліктілігін арттыруды жалғастыруда.