«МӨЭК» АҚ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ӘЗІРЛІК ПАСПОРТЫН АЛДЫ.

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ электр энергиясын сенімді жеткізуші мәртебесін тағы да растады және 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алды. Энергия кәсіпорнын алдағы КҚК-ға жұмысқа дайындау жөніндегі жөндеу бағдарламасы 100% -ға сәтті аяқталды.

Барлық қажетті дайындық іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалғанын куәландыратын құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2024 жылғы 25 қыркүйекте берді.

- Біз, энергетиктер үшін әзірлік паспорты аса маңызды құжат болып табылады. Ол біздің энергия объектілеріміздің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеу қабілетін растайды, ол кезде энергия тұтыну артады және ең жоғары мәнге жетуі мүмкін. «МӨЭК» АҚ мамандары мектеп, балабақша және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік маңызы бар тұтынушыларға ерекше назар аудара отырып, барынша мұқият дайындықты жүргізді. Біз ауа райының аномалды жағдайымен күресуге және өңір тұрғындарын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге толығымен дайынбыз, - деп атап өтті «МӨЭК» АҚ Пайдалану жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары және бас инженері Қадырхан Ермекбай.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 сәуірінде «МӨЭК» АҚ энергетиктері алдағы күзгі-қысқы кезеңге электржелілік нысандарды белсенді дайындауға кірісті. Осылайша, ӨҚТ-ға дайындық барысында «МӨЭК» АҚ энергетиктері техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың барлық жоспарланған көлемін, сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған ӨҚТ өтуіне әсер ететін электр желілері жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмаларды орындады. Іс-шаралардың барлық кешені бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

Энергетиканың жөндеу бағдарламасы шеңберінде «МӨЭК» АҚ 488,6 км әуе желілерін, 116 жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды (6/10 кВ), «Опорная Т-1,2», «Теньга Т-1,2» және «Асар Т-2» қосалқы станциялардағы оқшаулау сипаттамаларын қалпына келтіре отырып, 5 күштік трансформаторларды (35 кВ және одан жоғары) жөндеді. Қосалқы станцияларда (35-220 кВ) жөндеу жұмыстары 100% -ға аяқталды.

Электр желілерінің сенімділігін арттыру үшін «МӨЭК» АҚ мамандары ақаулы тіректерді, сондай-ақ физикалық тозған сымдарды ауыстырды. Ұзақ мерзімді фарфор оқшаулағыштар жаңа шыны оқшаулағыштарға ауыстырылды.

Жоғары вольтты желілердің (ВЛ-110 кВ) 192 бетон негізі жөнделді, сондай-ақ «Южная» қосалқы станциясынан ВЛ-10 кВ тіректеріне қосымша ригельдер орнатылды.

Бұдан басқа, энергетика жоспарынан тыс «Г-4» (35/6 кВ) қосалқы станцияларындағы ескірген бөлгіштер мен қысқа тұйықтағыштарды элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «3Г» қосалқы станциясында (110/10 кВ) ток трансформаторларының жиынтығы (110 кВ) монтаждалды. Сондай-ақ, компания мамандары «Жетібай» қосалқы станциясында (110/35/6 кВ) пайдалану мерзімі өткен ток трансформаторларын (110 кВ) ауыстырды.