«МӨЭК» АҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОҚУДАН ӨТТІ

9 сәуірде «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Корпоративтік оқыту орталығында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бағдарламасы бойынша «МӨЭК» АҚ  құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жауапты тұлғаларына арналған оқыту өткізілді.

Бағдарлама қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және кәсіпорында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріндегі басқарушы құрамның құзыреттерін арттыруға бағытталған. Оқыту дәріс форматында өтіп, өндірістік объектілерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге байланысты көптеген мәселелерді қамтыды.

Құрылымдық бөлімше басшылары сабақтар мен талқылауларға белсене қатысып, зор ынта мен қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл компанияның қауіпсіздік мәселелеріне деген байыпты көзқарасын, сондай-ақ басқарушы тұлғалардың кәсіби өсуге деген тұрақты ұмтылысын көрсетеді. Алынған білім оларға өз бөлімшелеріндегі жұмысты тиімдірек ұйымдастыруға және компания объектілеріндегі қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Еңбекті қорғау – бұл формалдылық емес, қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Бүгінгі оқыту –  әрбір басшының осы мәселелердегі өз рөлі мен жауапкершілігін нақты түсінуіне тағы бір қадам», –деді Метрология қызметінің бастығы Азамат Шангреев.

Бағдарлама аясында қатысушылар еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың өзекті талаптарын, нұсқамалар жүргізу ерекшеліктерін, жазатайым жағдайларды тексеру тәртібін қарастырды, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік тәжірибелермен танысты.

«Біз күн сайын жоғары қауіп-қатер жағдайында жұмыс істейміз, әрбір басшының еңбекті қорғау жөніндегі толыққанды білімі болуы маңызды. Осындай оқу бағдарламаларының арқасында біз өз білімімізді жүйелеп қана қоймай, бір-бірімізбен тәжірибемізді бөлісеміз», – деп атап өтті Шетпе ЭЖА бастығы Құрманғали Бабышев.

Оқыту мамандандырылған «ИНДИГО» цифрлық платформасын пайдалана отырып, білімді тексерумен аяқталады. 45-тен астам қатысушы қорытынды тестілеуден өтіп, өздерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біліктілігін растайтын сертификаттар алуы тиіс.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету — компанияның басты міндеттерінің бірі. Бөлімше басшылары жыл сайын өз біліктіліктерін арттыру үшін оқытудан өтеді, өйткені тек дайындалған және жауапты басшылар ғана бүкіл ұжым үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасай алатынын» білеміз, — деп атап өтті «МӨЭК» АҚ  АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы.