21 қазанда «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Корпоративтік оқыту орталығында құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін «Өрт-техникалық минимум» бағдарламасы бойынша оқыту өтті.
Бұл бағдарлама қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі шаралары және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар туралы білім деңгейін арттыруға бағытталған. Оқыту дәріс форматында өтті.
«МӨЭК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары сабақтарға белсенді қатысты, бұл олардың жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелеріне елеулі көзқарасын айғақтайды. Алынған білім оларға өз бөлімшелеріндегі жұмысты ұйымдастыруды жақсартып қана қоймай, компания объектілеріндегі қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға көмектеседі.
Компанияның 20-дан астам құрылымдық бөлімшелерінің басшылары оқуды аяқтап, «ИНДИГО» бағдарламасындағы білімдерін тексеруден сәтті өтті. Нәтижесінде олар өрт қауіпсіздігі саласындағы біліктілігін растайтын куәліктер алды. Мұндай іс-шаралар «МӨЭК» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыру жүйесінің бір бөлігі болып табылады, бұл өз кезегінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.
«МӨЭК» АҚ компанияның қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін кәсіби дағдыларды арттырудың маңыздылығын түсіне отырып, өз қызметкерлерін оқыту мен дамытуға белсенді инвестициялауды жалғастыруда. Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту - бұл ықтимал қатерлерден қорғаудың сенімді жүйесін құруға бағытталған маңызды қадам, бұл, сөзсіз, бүкіл ұйымның жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді.
Еске салайық, 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтарының тізіліміне ресми түрде енгізілді. Бұл оқиға компания қызметкерлерін, сондай-ақ энергетика саласындағы дағдыларды меңгеруге ұмтылатын барлық ниет білдірушілерді кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Оқу орталығы энергетика саласындағы инновациялар мен нарықтың заманауи талаптарын ескере отырып әзірленген оқыту бағдарламаларын ұсынады. «Атамекен» тізіліміне енгізу мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін және палата белгілеген стандарттарға сәйкестігін куәландырады. Корпоративтік оқыту орталығы «МӨЭК» кәсіпорнының аумағында орналасқан. Теориялық сабақтар үшін оқу сыныбы, емтихан сыныбы, әдеби бұрыш, электрондық кітапхана қарастырылған, сондай-ақ КОО-да кофе-брейктерге арналған бөлме бар.