
Енді өңір тұрғындарынан түсетін ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарды тікелей тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының (ЦОП) мамандары түсіндіреді.
Әр шығарылымда мамандар тұтынушыларды толғандыратын сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап береді: төлем әдістері, келісім-шарт жасасу тәртібі, техникалық нюанстар және тағы басқа сұрақтар.
Әлеуметтік желідегі біздің парақшаларды қарап #СұрақЖауапМӨЭКТҚКО #ВопросОтветМРЭКЦОП хэштегін белгілеп сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Біз көмектесуге дайынбыз!
⚡ Бүгін біз «МӨЭК» АҚ-да тұтынылған электр энергиясы үшін қалай төлеуге болатынын айтып береміз.
⚡ «МӨЭК» АҚ-на тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жүргізудің бірнеше әдісі бар:
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығындағы кассалар;
Мекен-жайы: Ақтау, 14 шағынауданы, №84 үй, «President» ТҮК орналасқан;
«Kaspi.kz», «Halyk Homebank» мобильді қосымшалары;
«Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшелері.
Өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдап, тұтынылған электр энергиясы үшін төлеуге болады.